Қалада «Алматы марафоны» өтіп жатыр

Қалада «Алматы марафоны» өтіп жатыр
сурет: Аlmaty-marathon.kz

Спорт әуесқойлары түрлі қашықтықта жүгіріп өтеді.

Алматыда 26 қыркүйек күні жүгіруден оныншы мерейтойлық «Алматы марафоны» өтіп жатыр, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.
Биыл оныншы рет өтіп отырған марафон коронавирусқа байланысты бірнеше рет кейінге шегеріліп келген болатын. 


Марафон ашылуында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров сөз сөйледі. Қатысушыларға сәттілік тілеп, бұқаралық спортты дамытуда жүгірудің маңызды екенін атап өтті.

Аталмыш шарада спорт әуесқойларына келесі қашықтықтар берілген: 10 км, 21,1 км, 42,2 км, Экиден командалық эстафетасы, 10 км скандинавиялық жүріс.
Сөре уақыты:
07:30 – 42,2 км және Экиден
07:40 – 21,1 км
07:55 – 10 км
08:10 – 10 км скандинавиялық жүріс.
10 км – жарысқа 15 жастан асқан спортшылар қатыса алады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беріледі.
10 км скандинавиялық жүріс – жарысқа 15 жастан асқан спортшылар қатыса алады. Қашықтықты міндетті түрде скандинавиялық жүріске арналған таяқшалармен жүріп өту қажет. 
21,1 км – жарысқа 18 жастан асқан спортшылар қатыса алады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай жүлде, медальдар, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беріледі.


42,2 км – жарысқа 18 жастан асқан спортшылар қатыса алады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай жүлде, медальдар, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беріледі.
Экиден командалық эстафетасы – 6 адамнан тұратын командаға 16 жастан асқан әуесқой спортшылар қатыса алады.


Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, кубоктар, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беріледі.
Қатысушылардың сөрелік жарналарынан түскен қаражаттың бір бөлігі жыл сайынғы қайырымдылық мақсаттарын іске асыруға бағытталатын болады.


Старттық жиынтықтар 24-25 қыркүйекте сағат 10:00-ден 21: 00-ге дейін беріледі мекен-жайы: Тимирязев көшесі, 42, Атакент КІЫО, 11 павильон.
Басқа күндері бастапқы жиынтықтар берілмейді.