Қала орталығында дрифт жасаған әуесқой жауапқа тартылды

Қала орталығында дрифт жасаған әуесқой жауапқа тартылды
Сурет: Qazaly.kz

Алматының орталығында дрифт жасаған көлік әуесқойы жауапқа тартылды

Полицияға бұл туралы дабыл әлеуметтік желі арқылы түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Құқық бұзушылыққа бірден жауап берілді. Патрульдік полиция Полкінің екінші ротасының қызметкерлерімен түнгі уақытта дрифт ұйымдастырып, тұрғындардың тыныштығы мен жол ережесін бұзған “BMW” жүргізушісі анықталды және жауапкершілікке тартылды. Ол 1993 жылы туған Ш. есімді азамат болып шықты. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі, 630-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалып, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау жөнінде түсіндірме әңгіме жүргізілді. Бұл аймақ ерекше бақылауға алынды», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.