Қала күні: Алматы World Clean up day дүниежүзілік акциясына қосылды

Қала күні: Алматы World Clean up day дүниежүзілік акциясына қосылды Cурет: Vecher.kz

Stop Musor әлеуметтік-экологиялық жобасы екінші жыл іске асуда.


Жыл сайын акцияға бүкіл әлем бойынша 180-нен астам ел және 18 миллион ерікті қатысады. Экологиялық қозғалыс аясында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және қалалық әкімдіктердің қолдауымен эко акция өткізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vecher.kz-ке сілтеме жасап.



«Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, өскелең ұрпақты мектептер мен ЖОО-ларда экологиялық тәрбиелеуге тиісті назар аудару қажет. Қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған Birge – taza Qazaqstan экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізген жөн. Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан азаматтары арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапты кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған Stop Musor әлеуметтік – экологиялық жобасын екінші жыл іске асыруда, - дейді жобаның баспасөз хатшысы Меруерт Сайлауқызы.



Науқанға әркім өз үйін немесе пәтерін  тазалаудан бастап, ескі және қажет емес заттардан арыла отырып, белсенді қатыса алады, өйткені науқан қайта өңдеуге және сұрыптауға бағытталған.



«Сонымен қатар, рұқсат етілмеген қоқысқа шағымды stopmusor.kz сайты арқылы немесе сол атаудағы мобильді қосымшаның көмегімен беруге болады. Жүктеп алғаннан кейін аты-жөніңізді және электрондық мекен-жайыңызды көрсете отырып, тіркеуден өтуіңіз керек. Одан кейін «шағым беру» батырмасын басыңыз, фотосуретті жүктеп, қоқыс тастайтын жердің мекенжайын көрсетіңіз», - деп түсіндірді Меруерт Сайлауқызы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25