Қала бойынша вакцина қоры жеткілікті

Қала бойынша вакцина қоры жеткілікті
Сурет: rbc.ru

Соңғы 10 күнде ауруханалардағы науқастардың саны 2,5 есе өскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.


Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 638 жаңа жағдайы тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 35, келіп түскені – 206.

2021 жылдың 12 шілде күні таңертең инфекциялық стационарларда (5 060 төсек-орын жүктемесі) 1 724 адам (оның ішінде 143 бала) ем алуда, яғни, 34%-ы жұмыспен қамтылған.
ӨЖЖ аппараттарында 17 науқас жатыр. Жалпы, жансақтау және қарқынды терапия бөлімшелерінде науқастардың саны 10 күннің ішінде 50-ден 121-ге дейін, яғни 2,4 есеге көбейді.
Бүгінгі таңда БМСК және Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 255 пациент бар, ал ауруханалар мен үйде 40 жасқа дейінгі жастар санының күрт өсуі байқалды.
2021 жылдың 12 шілдедегі ақпаратқа сәйкес, ​Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  9 418 адам вакцина алды. 2021 жылдың 1 ақпаны мен 11 шіллдесі аралығында қала бойынша екпенің 1-компонентін 585 116 адам алған.
Бүгінгі таңда Алматыда 212 егу пункті жұмыс істейді. 308 вакциналау бригадасына 1 260 медицина қызметкерлері жұмылдырылғаны. Қала бойынша вакцина қоры жеткілікті.