Ғылыми-тәжірибелік онлайн-тренинг өтті

Ғылыми-тәжірибелік онлайн-тренинг өтті
almaty-akshamy.kz

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Оқушыларды PISA Халықаралық зерттеулеріне қатысуға дайындау» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-тренинг өткізілді.

Тренингте Алматы қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Мира Алипова PISA Халықаралық зерттеулері аясындағы жұмыстарды таныстырды.

Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған бұл тренингте аталмыш институттың Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, PISA Халықаралық зерттеулері бойынша тренер А.Ракишева «Оқушыларды PISA Халықаралық зерттеулеріне қатысуға дайындау» тақырыбында, ал Ақтау қаласынан  А.Қорғанбаева «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін мәтін түрлерімен жұмыс істеудің тиімділігі» тақырыбында баяндама жасады. Бұдан әрі тренинг жұмысы тәжірибелік бөлімге өтіп, онда алматылық мұғалімдер А.Әжібаева, М.Өтешова, А.Сүлейменовалар тәжірибелерін ортаға салды.