Ғарышқа аттанған туристер аман-есен жерге оралды

Ғарышқа аттанған туристер аман-есен жерге оралды
Cурет: Baq.kz

SpaceX компаниясының ғарыш кемесінде кәсіби астронавт болмаған.

Әлемде тұңғыш рет ғарышқа аттанған туристер аман-есен жерге оралды. Үш күн аспан әлемін шарлаған команда отырған капсулалалар, Атлант мұхитының Флоридаға таяу маңына қонды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Экипаж қазір медицининалық тексерістен өтіп, Кеннедидегі ғарыш орталығына жеткізілген. Айта кетерлігі SpaceX компаниясының ғарыш кемесінде кәсіби астронавт болмаған. Ұшқан 4 турист. Олар: миллиардер Джаред Айзекман, балалар онкология ауруханасының медбикесі, колледж мұғалімі және АҚШ әскери әуе күштерінің ардагері бар.