Ғарышкер Халықаралық ғарыш стансасының бұрылу сәтін видеоға түсірді

Ғарышкер Халықаралық ғарыш стансасының бұрылу сәтін видеоға түсірді
Cурет: Instagram/petr.v.dubrovи roscosmosofficial

Видео Роскосмостың YouTube арнасында жарияланды

Ресейлік ғарышкер Петр Дубров Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) Жер шары аясында бұрылыс жасаған сәтін видеоға түсіріп, интернетке жүктеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Видео Роскосмостың YouTube арнасында жарияланды.

Instagram-дағы парақшасында Дубов бейсенбіде "Прогресс М-УМ" жүк кемесінің аспаптық әрі агрегаттық бөлімінен Халықаралық ғарыш станциясының "Айлақ" желілік модулінің бөлініп шыққанын жазды.

«Біз сіздер үшін осы оқиғадан тарихи кадрларды түсіріп, өздеріңізге ұсынудамыз, бұл арада, ең басында ХҒС-тың бұрылу сәті бейнеленген»,-дейді Петр Дубров

ХҒС бортында қазір экипаждың жеті мүшесі бар: ресейлік ғарышкерлер Антон Шкаплеров пен Петр Дубров, NASA астронавтары Марк Ванде Хай, Раджа Чари, Том Маршберн, Кайла Баррон, сондай-ақ Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Маттиас Маурер.