Ғалымдар қан қысымын тез түсіретін сусынды атады

Ғалымдар қан қысымын тез түсіретін сусынды атады Cурет: Аnamenbala.kz

Қара шайдың пайдасы


Қан қысымын қара шайдың көмегімен жылдам түсіруге болады. Сарапшылар сусынның қан қысымына толық әсерінің әзірге зерттелмегенін айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Батыс Аустралия Университетінің ғалымдары American Journal of Clinical Nutrition журналына зерттеу нәтижесін жариялады. Зерттеуге систолалық қан қысымы жоғары ерлер мен әйелдер қатысқан.


Зерттеуге қатысушыларға күніне үш рет қара шай беріліпті. Қан қысымын бірінші күні, үш айдан соң және жарты жылдан кейін өлшеген. Қан қысымының түнгі уақытта белсенді түрде төмендегені анықталыпты. Бұл кофеиннің қан қысымын төмендетуге әсер етпейтінің айтуға негіз болған.  


Бұл қортындылар түнгі уақытта қан қысымының көрсеткіштеріне кофеин емес, қара шай құрамындағы компоненттердің әсер еткендігін көрсетеді, - деп атады зерттеушілер.


Қан қысымы кесе шайдан кейін жылдам төмендейді. Мұндай нәтиже зерттеудің алғашқы тәулігінде-ақ көрініс берген және жарты жылға дейін сақталған. Бұл нәтиженің зерттеуге қатысушылардың бастапқы қан қысымы көрсеткішіне еш байланысы болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09