Ғаламтор ойындарына шырғалмаңыз

Ғаламтор ойындарына шырғалмаңыз
Сурет: Vk.com

Ойнап білуде өнер

Неміс философы Артур Шопенгауер «Парасаттылар өз өмірінен ләззат алады, бос уақытын дұрыс игереді. Ақымақтар бос қалуға төзбейді. Бос уақыт оларды зеріктіреді. Сондықтан олар пайдасыз ойынмен көңіл аулап, уақыттық рахатқа салынады» депті. Ойды әртараптан тарқаталық.

Қазіргі таңда жас та, кәрі де барлығы смартфоннан әртүрлі ойын ойнауға құмар. Бірісі уақыт өткізуді көздесе, екіншісі осының соңына түскен. Арысы құмар ойын ойнауға дейін кетіп қалған. Түбі қайырлы іс емес. Бұрынғылар «Әрнәрсенің өз жөні бар» дейтін. Тегі рас сөз.

Смартфоннан ойын ойнау. Бүгінгінің баласы зерек. Тіпті өзімізден ақылдырақ сияқты. Біз білмейтінді біледі. Үйретуден гөрі, көп жағдайда үлкендер жағы өзі үйреніп жатады. Ғылыми технологияның іштен біліп туғандай көрінеді. Жастардың тілімен айтқанда «бәрін шашады». Оған талас жоқ. Бәлкім, заманның талабы солай болар. Дегенмен, ойыннан бас көтермей, телефонға телміріп отырғанын көріп таңданасыз. Кейде, аздап қарныңыз ашады. Бастысы іштей көп уақытын ұялы телефонның маңында жоғалтпаса екен дейсіз. Әрбірден, көзге, миға зиян екенін болдырған бүлдіршіндерден байқаймыз. Ойымыз, қызықты кішкене эранннан емес сырттан іздесе дейміз.

Ойын ойнаған азар. Халқымыз осы бір данагөй сөзді текке қалдырмапты. Әлгінде балаларға байланысты біраз ойдың шетін қозғадық. Бұрынғыдай аулаға шығып көрші қатарластарымен бірге доп ойна, қуаласып, тай-құлындай тебісіп бірге ойнап өскенге не жетсін? Маңдайын жел қармап, терлеп тепшіп ойнаса, денесі шынығады. Ойы сергиді. Физикалық тұрғыдан алғанда, дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Ал виртуалды әлемде мұның біріде болмайды.

Топшылау. Алаш қайраткері, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» депті. Жоғарыдағы ойларды топшылағанда осыған саяды. Ойынның қусаң уақыт босқа өтеді. Барша істе баланс болғаны жөн сияқты. Ал сол нәрсені әркім өзіне-өзі жасайды.