Зәкірдің жолы болды

Зәкірдің жолы болды
Владислав Семенов

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасындағы бірінші кездесуін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Olympic.kz. сілтеме жасап. 

63 келі салмақта сынға түскен Сафиуллин алғашқы айналымда Перу өкілі Леодан Пезо Сабояны ұтты. Төрешілердің барлығы жеңісті бірауыздан Зәкірге берді. Есеп - 5:0.

Осылайша, Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының 1/8 айналымына жолдама алды.