Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялауы шеңберінде ағымдағы жылдың 9-20 қарашасы аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқаны өттi. Науқанның мақсаты: Балаларды қатыгездікпен және немқұрайлылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.
Науқанның орындалуына қатысты мектеп директоры Тегимбаева Салтанат 9 қараша 2020 жылғы №289 бұйрығы шығып, соған сәйкес іс-шара жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес көптеген іс-шаралар қашықтан ұйымдастырылды. Онда ата-ана , оқушыларға кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгез қарау және зорлық-зомбылық мәселелері бойынша сенім телефондары және мектептің педагог-психологының телефонынын танымалдылығы арттырылды. Сонымен қатар, «Біз өз проблемамыз туралы» атты сынып сағаттары өткізіліп, «Зорлық –зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады!» тақырыбында жоғары сынып оқушылары арасында эссе байқауы ұйымдастырылып, педагог-психолог Жоламанова Толқын Секеновнаның бастамасымен мектептен тыс ортада психологиялық және физикалық зорлық-зомбылық (буллинг) мәселелері бойынша оқушылармен онлайн –талқылау жұмыстары жүргізілді, ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары COVID-9 жағдайында санитарлық ережені сақтай отырып, әлеуметтік жағынан осал отбасылары, соның ішінде сәтсіз , аз қамтылған, көпбалалы отбасылары мен асырап алушысы бар , түрлі есепте тұрған оқушылардың үйлеріне барып тұрмыстық — үй жағдайларымен танысып, заңды өкілдеріне кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан қорғауға қатысты профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Балалар – еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата — ананың міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын қарым — қатынасы, іс — әрекет, әдет — ғұрып, салт -дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана — сезімін, мінез — құлқынқалыптастыратын тәлімдік мұра екенін ескеруіміз керек.
Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға — тәртіп пен мәдениет күллі адаматаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі молқайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық — зомбылықсыз балалықшақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Қазіргі таңда тәуелсіздік алғанмемлекетімізде зорлық — зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынанбасталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткеніұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесеотбасында дамып, қалыптасады.
Сондықтан да, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жыл сайын өтетін «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанның маңызы да, мәніде зор.
Айсауле Қарымбай, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Әуезов ауданы
№42 Жалпы білім беретін мектеп