Зообақ 4 жәутікпен толықты

Шаһардағы Хайуанаттар бағында түлкі күшіктеді. «Лиза» есімді қызыл түлкі төрт күшік туды.

Зообақ мамандары бұның сирек кездесетін құбылыс екенін айтуда. Олар өз тарапынан көмек қолын созып, түлкі әлденіп алғанға дейін күшіктерін тығып, көзден таса жерде бағады. Бір айдан соң ғана сыртқа шығара бастайды. Жұртшылық түлкінің баласын «жәутік» деп атайды.

Лиза мен Плутон атты екі түлкі Хайуанаттар бағына 2018 жылы әкелінген екен. Оларды тұрғындардан алған.

Бақта аң-құстардың ішіп-жемі әртүрлі. Мәселен, түлкілерге сиыр еті, бөдене, ірімшік пен жеміс-жидек беріледі. Олар қара нанды ерекше жақсы көреді.

Қазір қаладағы Хайуанаттар бағында жаңа туған 4 күшіктен басқа, 5 түлкі бар. Мамандар оларға ағзасын жақсарту мақсатында тышқан беретінін айтты. Негізі, түлкілер 4-ке немесе олардың жәутіктері 13-ке дейін жетуі мүмкін көрінеді.

Жаңадан туған жәутіктердің біреуі күлгін, үшеуі қою қоңыр түсті екен. Зообақ қызметкерлері қазірде оларды қолға үйрете бастапты. Олар аңдарды туған сәттен бастап қолға үйретеді екен. Әйтпесе, ес біле келе олар мүлде үйреніспей кетуі мүмкін. Тамақты қолмен бергеннің өзі оларды адамдарға жақын ететін көрінеді.

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *