Зираттар ретке келтіріледі

Гүлнар Көкебаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында «Бюджетке қатысу» бағдарламасын жүзеге асыру барысына да тоқталды. Бағдарламаның арқасында ауданның кез келген тұрғыны аула, көше не гүл бағын абаттандыру бойынша өз жобасын ұсынды. Барлығы 18 жобаны іске асыруға 785 миллион теңге жұмсалды.

«Аудан тұрғындары аумақты абаттандырып, оны серуендеуге де, көліктердің жүруіне де ыңғайлы еткісі келді. «Бюджетке қатысу» аясында ауланы жөндеу мүмкіндігі пайда болғаны жақсы болды. Себебі, тұрғындар барлық жұмыстарды жүргізу үшін қомақты қаражат жинай алмайтын еді. Әрине, жөндеуден кейін тұрғындардың басты міндеті – жүргізілген абаттандыру жұмыстары жылдар бойы қызмет етуі үшін ауланы күтіп ұстау», – деп атап өтті Гүлнар Көкебаева.

Аудан әкімі «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 94 аулада ағымдағы жөндеу жұмыстары, ал 7 аулада күрделі жөндеу жүргізілетінін хабарлады. Жетісу ауданының 5 скверінде ағымдағы жөндеу жұмыстары (Назарбаев даңғылы бойымен, «Айнабұлақ», «Құлагер» ықшам аудандарында, Омаров көшесінің бойында, сонымен қатар «Құлагер» ықшам ауданында Қонаев көшесінің бойымен) жүргізіліп, екі спорт алаңы, саябақ аймағы жөнделіп, 5 зират ретке келтіріледі. Бұл жобалардың бәрі қыркүйекке қарай аяқталады.

Биыл аула алаңдары мен скверлердің келбеті өзгереді. Жалпы, Жетісу ауданын көгалдандыру жоспарлануда. Бүгінде Жетісу ауданы әкімінің аппараты 4500 ағаш отырғызды. Жаңа көшеттер «Көкжиек» ықшам ауданында және Ангарская көшесінің бойында пайда болды. Алма, өрік, үйеңкі, шаған, терек, каштан, сирень отырғызылды. Бұдан басқа, 3500 ағашқа санитарлық кесу жүргізілді.

Рая ЕСКЕРМЕСҚЫЗЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *