Зинакул БАИМБЕТОВА, қала тұрғыны: Конституциялық өзгерістер оңынан болғай!

Зинакул БАИМБЕТОВА, қала тұрғыны: Конституциялық өзгерістер оңынан болғай!
almaty-akshamy.kz

Бүгін таңертең Медеу ауданына қарасты №591-сайлау учаскесінде еліміздің Ата Заңына өзгерістер енгізуге дауыс бердім.

Менің даусым маңызды деп есептеймін. Немерелерімнің келешегі үшін, олардың болашақ өмірі үшін, Қазақстанда жақсы азамат болып өсуі үшін дауыс бердім. Әрбір қазақстандықтың дауысы мына өскелең ұрпақ үшін маңызды. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум – еліміздің келешегін айқындайтын маңызды шара. Онда қабылданатын шешім әрбір азаматтың өміріне, тұрмыс сапасына және өзі мен ұрпағының келешегіне ықпал етері сөзсіз.