Зидан туралы 5 қызықты дерек

Зидан туралы 5 қызықты дерек
Сурет: Footboom.com

Әлемдік футбол тарихындағы жарық жұлдыз

Әлем футболының тарихында жақұттай жарқырап өнер көрсеткен ала доп шеберлері аз болмаған. Соның бірегейі - франциялық үздік футболшы Зинедин Зидан. Даңқты спорт жұлдызы жайында 5 қызықты мәліметті назарларыңызға ұсынамыз.

         * 1986 жылы бала Зидан өз мансабын ерте бастайды. Жергілікті жарыстардың бірінде көзге түседі. Осылайша 14 жасында «Канн» клубымен келісімшарт жасайды. Сөйтіп, ең жас жартылай қорғаушы атанады.

         *  Зидан футболдан бөлек дзюдомен де машықтанды. Тек айналысып қана қоймай, жасыл белдік иесі атанды. Сонымен қатар дене бітімі модельдер сияқты өте мығым.

         *  Зизудың аты «Алтын» допты алған тұңғыш мұсылман ретінде тарихта алтын әріппен жазылды. Сондай-ақ үш рет әлемнің (1998, 2000, 2003), бір мәрте Еуропаның (2000) үздік футболшысы атанды.

         *    Бір қызығы Зинединдер әулеті түгел ала допты жандарына серік еткен.  Оның төрт ұлы бар және төртеуі де футболшы: Энцо (1995) - жартылай қорғаушы, Луко (1998) - қақпашы, Тео (2002) - шабуылшы, Элиас Зидан (2005).

         *  Дүниежүзілік футбол тарихында 40 метрден гол соққан бірден-бір фаворитке айналды. Күні бүгінге дейін аталған рекордтың жалғыз иесі өзі болып табылады.