Жәнібек әлем чемпионымен жекпе-жек өткізу үшін WBO-ға өтінім жіберді

Жәнібек әлем чемпионымен жекпе-жек өткізу үшін WBO-ға өтінім жіберді
Сурет: Twitter

Қазақ боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадемен жекпе-жек өткізуге ниетті

Бұл туралы америкалық инсайдер Лэнс Пагмайр жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

Инсайдер мәліметінше, Әлімханұлының менеджері Эгис Климас WBO-ға Жәнібекті америкалық чемпионның титулына міндетті үміткер етуге сұрап өтінім жіберген. 

«Менеджер Эгис Климас орта салмақта жеңілмеген шәкірті Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы Деметриус Андраде үшін міндетті үміткер қылып бекітуді сұрап WBO-ға өтінім жіберді. WBO бұл өтінімді қарау үшін сейсенбіде жиналады», - деп жазды Пагмайр.

Жәнібек Әлімханұлы қазір WBO рейтингінде екінші орында тұр. Бірінші орындағы Хайме Мунгия Андраденің титутына міндетті үміткер болу үшін өтінім жазбаған. Сондықтан алдағы айда Деметриустің келесі қарсыласы белгілі болады.