Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде көтерілді

Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде көтерілді
Cурет: Inform.kz

Орта салмақта IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин көш бастап тұр

The Ring танымал журналының сайты барлық салмақ дәрежесі бойынша боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Sports.kz-тің мәліметінше, орта салмақта IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин көш бастап тұр, одан кейін басқа титул иегерлері Джермалл Чарло (WBC) мен Деметриус Андраде (WBO) тұр.
Өткен айда бұрынғы әлем чемпионы Хассан Ндам Нжикаманы нокаутпен жеңген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жетінші орыннан алтыншыға көтерілді.

The Ring тұжырымы бойынша орта салмақ рейтингі мынадай (жақшаның ішінде бұған дейінгі орындары көрсетілген):
1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан)
2 (2). Джермалл Чарло (АҚШ)
3 (3). Деметриус Андраде (АҚШ)
4 (5). Хайме Мунгия (Мексика)
5 (6). Риота Мурата (Жапония)
6 (7). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
7 (8). Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания)
8 (-). Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
9 (4). Сергей Деревянченко (Украина)
10 (9). Лиам Уильямс (Ұлыбритания).

Еске салайық, Дүниежүзілік бокс ұйымы WBO америкалық чемпион Деметриус Андрадені өз белбеуін қорғау үшін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен айқас өткізуге міндеттеді.