Жұма күнгі ауа райы мәліметі

Жұма күнгі ауа райы мәліметі
Сурет: Memax.club

Алматыда күн жылы болады.

"Қазгидрометтің" синоптиктері Қазақстанда жұма күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын -шашынсыз. Жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде + 3 + 5, күндіз + 15 + 17.

«Кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ауа райы жауын -шашынсыз болып қалады. Елдің солтүстігінде, батысында, оңтүстік -шығысында және шығысында тұман күтіледі», - делінген "Қазгидромет" РМК таратқан хабарламада.