Жүргізуші куәлігін беру тәртібі қиындайды

Жүргізуші куәлігін беру тәртібі қиындайды
Сурет: Liter.kz

Жаңа жоба бойынша, емтихан сыныбына кіретін азамат металл детектордан, аудио-бейне фиксациядан және биометриялық сәйкестендіруден өтеді.

Бұл туралы мәлімет берген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин атап өткендей, мамандандырылған ХҚКО-да танымал қызмет түрі – жүргізуші куәліктерін беру, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Кейбір азаматтар теориялық емтихан тапсырудың түрлі жолдарын іздейтіндері жасырын емес. Мысалы, орнына бөгде адам емтихан сыныбына кіргізуі, әртүрлі гаджеттер мен шпаргаркалардың басқа түрлерін қолдануға тырысады», - дейді ол.

«Азаматтарға арналған үкімет» өкілінің сөзінше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында осы жылдың сәуір айында Алматыда Ustudy-мен бірлесіп теориялық емтихан тапсырудың пилоттық жобасы іске қосылды.

«Бұл пилоттық жобада емтихан сыныбына кіретін азамат металл детектордан, аудио-бейне фиксациядан және биометриялық сәйкестендіруден өтеді. Пилоттық жобаны енгізгеннен кейін Алматыда емтихан тапсыруға өтініш білдіру саны күніне 6 есеге, яғни 532-ден 88-ге дейін, ал емтихандардан өткендердің үлесі 36,6%-дан 15,5%-ға дейін, яғни 2 есеге төмендегенін байқауға болады», - деп түсіндірді Әбділдин брифингте.

Биыл маусым айының соңында бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласында да іске қосылды. Жыл соңына дейін бұл жобаны Қазақстан бойынша ауқымды ету жоспарланып отыр.