Жүгірсеңіз жігерленесіз

Жүгірсеңіз жігерленесіз
Сурет: Runnersworld.it

Жүгіру - денсаулық кепілі 

Ежелгі Рим ойшылы Гораций «Денсаулығың бар кезде жүгірмесең, аурушаң болғанда жүгіруіңе тура келеді» дейді. Денсаулықты жақсарту үшін жүгіру қажет дегенді айтады. Данышпанның ойында терең мағыналы астар жатыр. Осыған қанша ғасыр бұрын тіпті біздің эрамызға дейін айтылса да өзектілігін бір жойған емес. Көбіміз аса мән бермегенімізбен, түбі шындық.

Тәннің саулығы жанның саулығы. Таңғы салқынмен жүгіру аса пайдалы. Сарапшылардың пікірінше, біріншіден таңғы шықта ауа таза болады. Яғни циркуляцияға түседі. Барша жұрт оянамын дегенше, тұнық саф ауа ағзаға жақсы әсерін тигізеді. Сол себепті де, түнімен босаңсып, ұйқы құшағынан шыққан денеге қан жүгіреді екен. Қысқаша айтқанда денеңіздің барлық бөлігіне қан жүреді. Осылайша күні бойы сергек жүресіз. Нәтижесінде, бойыңызда ынта пайда болады. Қалғып мүлгімейсіз, қайта күш қуатыңыз артады. Арасында аздаған жаттығу жасасаңыз, берер пайдасы зор болмақ.

Жақсылыққа жүрігіп жетуге тырысыңыз. Бұл арада біздердің айтьар ойымызщ біреу ғана. Ол әрине ұмтылыс. Жүгір дегенде тек физикалық тұрғыдан айтылған сөз емес. Мұның астары тым әріде жатыр. Тамыры тереңде жатыр. Әрбір істің дәлірек айтқанда арманыңыздың орындалу жолында тооқтамаған абзал. Сәл кідірдіңіз, жаныңыздан өзге біреу басып озады. Сіз көздеген мәреге, өзге бірінші жетеді. Осылайша қалыс қалуыңыз әбден мүмкін.

Тұйықтау. Халық нақылға бай. Көсемсөздің түбін түсіріп айтады. Ел арасында «Жүгірген алмайды, бұйырған алады» деп айтады. Жоғарыдағы ойлардың қорытып айтқандағы шығар ой осыған келіп тұйығады. Сондықтан тән саулығы мен жан саулығын қатар ұстаған дұрыс. Баланс болса ұтылмайсыз. Бастысы жүгіре білсеңіз болғаны. Тек ақылмен. Бәрі өзіңіздің қолыңызда демекпіз.