Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алматылықтарды алдаған күдікті ұсталды

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алматылықтарды алдаған күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Күдікті өз қызметін 150 мың теңгеге бағалаған

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп Алматы тұрғындарын алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бостандық ауданының полицейлері тағы бір жүргізуші куәлігін “алып берушіні” ұстады.

 – Тергеудің осы кезеңінде 26 жастағы Ж.есімді азамат кем дегенде шаһардың алты тұрғынын алдады деген күдікке ілінді. Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті өзін ХҚКО қызметкерімін деп таныстырып, жүргізуші куәлігін алуға көмектесуді ұсынған. Күдікті өз қызметін 150 мың теңгеге бағалаған. Жедел шаралар жүргізілді. Күдікті ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев. 

Полиция алданғандардың көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуларын сұрайды: 8-702-160-06-34.