Жұмыссыз алматылықтарды әрі қарай жұмысқа орналастыратын тегін курстарға шақырады

Жұмыссыз алматылықтарды әрі қарай жұмысқа орналастыратын тегін курстарға шақырады
Сурет: Blog.onlime.ru

600-ден астам қала тұрғынын оқыту жоспарланып отыр.

Алматы қаласының жұмыссыз тұрғындары Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді тегін кәсіби курстардан өте алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Ағымдағы жылы қысқа мерзімді курстарда 600-ден астам қала тұрғынын оқыту жоспарланып отыр. 

Бүгінде мемлекеттік бағдарлама бойынша Жұмыспен қамту орталығымен 25 мамандық бойынша оқытуды ұсынатын қаланың 24 оқу ұйымы ынтымақтасуға дайын. Жұмыспен қамту орталығы, оқу орталығы, жұмыс беруші және курс тыңдаушысы арасында төрт жақты келісімшарт жасалады. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі. 

Оқу ұзақтығы - 3 ай. Оқу кезінде 20 948 теңге мөлшерінде стипендия төленеді, курстарды аяқтағаннан кейін сертификат беріледі және жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі. 

Курстарға жазылуға және оқудан Алматы қаласында тұрақты / уақытша тіркелген жұмыссыз азаматтары ғана өте алады. 

Курстарға жазылу үшін Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына, мына мекенжай бойынша хабарласу қажет: Достық даңғылы, 85.

Тел.: +7 (727) 310 21 31

2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУ БІЛІКТІЛІКТЕР (МАМАНДЫҚТАР) ТІЗБЕСІ

 

Мамандықтар (кәсіптер) атауы

1

Автослесарь

2

Автоэлектрик

3

Туризм жөніндегі агент

4

Веб-дизайнер

5

Бет әрлеуші

6

Тас қалаушы

7

Кондитер

8

Киім дизайнері

9

Жиһаз жинақтаушы

10

Сырлаушы

11

Массажист

12

Тырнақ қызметінің шебері

13

Шаштараз шебері

14

ЭЕМ операторы

15

Кеңсе менеджері

16

Наубайшы

17

Аспазшы

18

Тігінші

19

Тәрбиешінің көмекшісі

20

Слесарь-сантехник

21

Құрылыс ұстасы

22

Тігінші

23

Экскурсия жетекшісі

24

Электр желілерін пайдалану жөніндегі электрик

25

Электргазбен дәнекерлеуші