Жүк таситын локомотив жеңіл көлікті соғып, үш адам зардап шекті

Жүк таситын локомотив жеңіл көлікті соғып, үш адам зардап шекті
Сурет: Ашық дереккөзі

Көлік алған соққыдан 15-20 метрге ұшып кетті

Жол апаты 8 қыркүйекте таңертең Ескелді ауданында орын алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ВАЗ-2109 көлігін тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші локомотивтің жақындап келе жатқанына қарамастан теміржол өткелінен өтпекші болып, бірақ үлгермей қалды. Көлік алған соққыдан 15-20 метрге ұшып кетті.

Көлік салонындағы үш адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды.