Жүк тасымалдаушылар халықаралық көрмеде бас қосты

Жүк тасымалдаушылар халықаралық көрмеде бас қосты Сурет: Qazaqtv.com

Логистикалық тізбектердің үзілуіне жол бермеу және жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты көлік дәліздерінің мүмкіндіктері талқыланды.


Жаңа бағдарлар құны, жылдамдығы мен қауіпсіздігі жағынан тасымалдаушылар мен жүк қабылдаушылардың көңілінен шығу керек. Екіншіден, санкцияларға ілікпеуі қажет. Қазақстанның транзиттік және экспорттық тауарлары қазір Транскаспий халықаралық көлік бағдарына ауыса бастады. Шетелдік жаңа серіктестермен белсенді түрде келіссөздер жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 



«Қазір сауда жолдарын қалай дұрыс құру туралы ешкім білмейді. Қандай әрекеттер санкцияға соқтыратыны белгісіз. Егер Қазақстан бизнесі активтерін оңтайлы пайдаланса, жөнді жүйе құруға мүмкіндік бар. Бұл жүк тиейтін терминалардар, жүк көліктері мен локомотивтерге қатысты болып тұр», - дейді ҚР Теміржол көлігі мен инфрақұрылым оператор-компаниясы басқармасының төрағасы Тимур Қарабаев.


«Осындай дәліздердің бірі - Транскаспий халықаралық көлік бағдары. Кезінде оны Қазақстан теміржолдары салған және оны толық қолданатын кез келді. Ол Құрық айлағынан Каспий теңізі арқылы Еуропаға немесе Батуми арқылы Баку-Тбилиси-Карске өтеді. Ыстамбұл немесе Мерсинге жеткізуге болады. Осындай дәліздерді қазір жүзеге асырып жатырмыз», - дейді Грекиялық тасымал компаниясының директоры Джулия Шабанова.



Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркия бірлескен көлік-логистикалық компания құру туралы келісті. Жүк тасымалын арттыру үшін Ақтау еркін экономикалық аймағында контейнер хабын құру жоспарда бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49