Жүк пойызы жылқыларды қағып кетті

Жүк пойызы жылқыларды қағып кетті
Сурет: Ашық дереккөз

Пойыз 24 минут кідірді

Жыл басынан бері көлік полицейлері теміржолдарда қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 6813 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Сондай-ақ пойыздардың шұғыл тежелуінің 288 фактісі тіркелді, оның ішінде адамдардың болуы себебінен – 62, үй жануарларының теміржол төсемінде болуымен байланысты 182 жайт тіркелген. 

Көліктегі ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдахановтың айтуынша, 25 наурызда Қостанай станциясындағы желілік полиция бөліміне Темірбұлақ – Қостанай Оңтүстік аралығында жүк пойызының машинисі теміржолда жылқылар болғандықтан, шұғыл тежеу қолданғаны туралы хабарлама келіп түсті. Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмай, үш жылқыны қағып кетті.

Жоспарланбаған пойыз тұрағы 24 минутты құрады.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жылқылардың иесі анықталды. Ол Қостанай облысының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кету керек, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында пойыздардың шұғыл тежелуінің саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34%-ға төмендеді», – деді Д.Молдаханов.