Жүк пойызы 7 жылқыны қағып кетті

Жүк пойызы 7 жылқыны қағып кетті
Сурет: Ашық дереккөз

Жылқының иесіне айыппұл салынды

Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны қағып кетті. Жылқылардың иесі анықталды деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылғы 16 сәуір күнгі түнде Екібастұз-1 өткелінің 303 шақырымында жүк пойызының машинисі теміржолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Пойыз 1 сағат 33 минут тоқтап тұрды.

«Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Салдарынан 7 бас жылқыны қағып кетті. Оның ішінде бір жылқы өліп, 6 жылқы жарақат алды», – деді департаментте.

Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жылқының теміржол бойына шығуына жол берген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғыны анықтады.

Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі, яғни темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.