Жұбанов көшесін тесіп өту жұмыстары жобалануда

Жұбанов көшесін тесіп өту жұмыстары жобалануда
Сурет: Kolesa.kz

Бұл - Жұбанов көшесінен қала шекарасына дейінгі аумақ.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бүгін Әуезов ауданында өткен халықпен кезекті кездесуінде осы жайлы сөз болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аудан тұрғыны «Жұбанов көшесін тесу қашан басталады?» деп сұрақ қойды.

«Қазіргі таңда Жұбанов көшесін тесу бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сараптаманы алу жоспарлануда. Бәрі ойдағыдай болса, келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастаймыз. Бұл жоба Жұбановтан қала шекарасына дейін тесуді қарастырады, Әуезов және Наурызбай аудандарының аумағы арқылы өтеді, Сабденов көшесінің бойымен жартылай өтеді, көшенің ені 40 метр, яғни 4 жолақты жол. 180-ге жуық жер бар», - деп жауап берді оған Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мұрзаханов.