Жыл соңына дейін 90 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқасында Алматыда 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Өңірлік коммуникациялар алаңында Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалиннің қатысуымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы онлайн-брифинг өтті.

Е.Оразалиннің келтірген мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 10 айында пандемия салдарынан сауда саласы құлдыраған, соған қарамастан, өндіріс және инвестициялар саласында оң динамика байқалады.

Ағымдағы жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 2 747 млрд теңгені құрады. Республикалық көлемде қаланың бөлшек тауар айналымының үлесі 30,3%-ды құрады. Бұл ретте азық-түлік тауарларын сату 6,7%-ға ұлғайды, азық-түлік емес тауарлар 14,3%-ға төмендеді.

Ағымдағы жылғы қаңтар-қазан айларында көтерме сауда айналымының көлемі 7 978,2 млрд теңгені құрады. Республикалық көлемде қаланың көтерме тауар айналымының үлесі 42,8%-ды құрады.

Сонымен бірге, өнеркәсіпте оң серпін байқалуда. 2020 жылғы қаңтар-қазан айларының кезеңі ішінде 826,4 млрд теңгеге, оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 670,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді.

Сондай-ақ, пандемияға және карантиннің шектеу шараларына қарамастан, ағымдағы жылы Алматы қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өскені байқалады.

2020 жылдың 10 айының ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар 719,2 млрд. теңгені, НКИ– 116,9%-ды құрады.

Пайдалану бағыттары бойынша инвестициялардың негізгі көлемі: жылжымайтын мүлікке – 323,4 млрд. теңге; өнеркәсіпке – 99 млрд. теңге; көлік және қоймалауға – 69,4 млрд. теңге; денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуге – 44,9 млрд. теңге; сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметіне – 43,3 млрд. теңге тиесілі болды.

Жыл соңына дейін 90 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, олардың арасында:
• әлеуметтік жобалар – 30,8 млрд теңгеге 9 жоба;
• сауда және қызмет көрсету саласындағы жобалар – 15 млрд теңгеге 45 жоба;
• өнеркәсіп саласындағы жобалар – 60,4 млрд теңгеге 17 жоба;
• жылжымайтын мүлік – 68,5 млрд. теңгеге 18 жоба;
• көлік –1,5 млрд.теңгеге 1 жоба.

Жобаларды іске асыру барысында ағымдағы жылы 7,3 мыңнан астам жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.

Е. Оразалин 2020 жылдың қорытындысы бойынша мегаполистің негізгі капиталына салынған инвестициялар 900 млрд. теңге деңгейінде деген болжаммен бөлісті.

Қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін келесі шаралар қабылдануда:
— Алматы индустриалды аймағының аумағын кеңейту жолымен жеке инвестициялар тарту;
— «Алатау» ИТП АЭА негізінде фармацевтикалық кластер құру
— жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп нысандарының негізінде ірі девелоперлік жобаларды іске асыру;
— қала экономикасының басым секторларына инвестициялар тарту пысықталуда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *