«Жусан» операциясының тәжірибесіне бірқатар ел қызығушылық танытып отыр

«Жусан» операциясының тәжірибесіне бірқатар ел қызығушылық танытып отыр
baribar.kz

Бұл туралы Терроризмге қарсы құрылымдық штаб орталығының жетекшісі Жанарбек Жанабаев Kazakhstan Security System аясында өткен республикалық конференция барысында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Сириядағы ДАИШ құрамындағы қазақстандық азаматтарды елге қайтару бойынша «Жусан» әлеуметтік операциясы жүзеге асырылды. Операция алдында дайындық жұмыстары жүргізілді. Арнайы топ Сирияға барып, оңалту бағдарламасы әзірленді. Жалпы 607 қазақстандық азамат елге қайтарылды. Оның ішінде 157 әйел мен  37 ер адам, 413 кәмелетке толмаған, 34 жетім бала бар,- деді Жанабаев.
Ол атап өткендей, 59 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, терроризм үшін жазадан жалтармау ұстанымы жүзеге асырылды. Бейімделу мен оңалтудың кешенді  шаралары 88 әйелді дәстүрлі исламға оралуға немесе қалыпты өмірге бейімдеуге мүмкіндік берді. 77 әйел радикалды идеологиядан бас тартты. Қазір біздің тәжірибені бірқатар ел өз азаматтарын елге қайтару бойынша қолдануға қызығушылық танытып отыр, - деді Жанабаев.