Журналистер Одағы «Алатау Ақпараттың» челленджін жалғастырды

Журналистер Одағы «Алатау Ақпараттың» челленджін жалғастырды
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Қазақстан Журналистер Одағының жетекшісі Сейітқазы Матаев игі істі қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгін маған түске дейін  «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінің құрылтайшысы болып келетін «Alatay Aqparat» ЖШС-тің бас директоры телефон арқылы хабарласып, челлендж өткізгісі келетінін айтты. Себебі Алматыда ағаштар қурап барады. Мен өз басым күнде велосипедпен жүремін, өз көзіммен көріп жүрмін, ағаштар қурап жатыр. Ол ағаштарды суғару шарасын өткізгеннен кейін челленджді Журналистер Одағына жіберетінін айтты. Өздеріңіз көрдіңіздер, мен біздің Нұрлыбаев көшесіндегі ағаштарды суғардым. Енді бұл жақсы бастаманы жалғастыру үшін бұл шараға Жазушылар Одағының жетекшісі Ұлықбек Есдәулетті шақырамын. Жазушылар Одағының керемет саябағы бар, жалпы, ғимарат маңында да ағаштар жетерлік. Көп рахмет, бұл жақсы бастама, мен қолдаймын!», – деді Сейітқазы Матаев.