Журналистерді қорғау туралы өтініш назарға алынды

Журналистерді қорғау туралы өтініш назарға алынды
Сурет: Aikyn.kz

Мемлекет басшысының атына жолданған әйел-журналистерді қорғау туралы өтініш назарға алынды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасына: «Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының журналист әйелдерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды», - деп жазды.