Журналист Михаил Козачковтың қамаудағы мерзімі ұзартылды

Журналист Михаил Козачковтың қамаудағы мерзімі ұзартылды Сурет: Ашық дереккөз

Михаил Козачков 2022 жылы 18 желтоқсанда ұсталған болатын.


Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі 18 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеу органының өтініші бойынша қамауға алу мерзімі үш айға ұзартылған.



«30 қаңтарда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, Козачковты қамауда ұстау мерзімін үш айға, яғни 2023 жылдың 18 наурызына дейін ұзарту туралы санкция берілді», - делінген сот хабарламасында.



Еске салайық, Михаил Козачков 2022 жылы 18 желтоқсанда ұсталған болатын. Ол рейдерлік бопсалау әрекеттерімен айналысқан Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікке ілінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26