Журналист Михаил Козачков шартты түрде 3,5 жылға сотталды

Журналист Михаил Козачков шартты түрде 3,5 жылға сотталды
Сурет: Ашық дереккөз

Кәсіби қателіктер жіберген

Кейбір БАҚ-тарда журналист Михаил Козачковты шартты түрде 3,5 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Михаил Козачковтың адвокаты Елена Жигалёнок бұл ақпаратты растады, деп жазды Zakon.kz.

"Расында, Алматы гарнизонының әскери сотының үкімімен Михаил Козачков кінәлі деп танылып, шартты мерзімге сотталды. Ол қылмыстық кодекстің 147 және 274-баптары бойынша сотталды. Журналистік зерттеулерді дайындау кезіндегі кәсіби қателіктері үшін деп те айтуға болады", - деді Михаил Козачковтың адвокаты Елена Жигалёнок.

Бірақ, ол Қаржылық мониторингі агенттігінің тергеу-жедел тобы Козачковтың Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін, рейдерлікке қолғабыс ету айыптары алынып тасталғанын анықтағанын да нақтылады. Сондықтан Козачковқа қатысты 249 және 262-баптар бойынша қылмыстық іс оңалту негіздері бойынша тоқтатылған.