Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына Тоқаев төрағалық етеді

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына Тоқаев төрағалық етеді
Сурет: Іnform.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«ЖЕЭК отырысы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 17:00-де «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ Президент ертең, 15 қазанда, онлайн форматта өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл халықаралық жиын да Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де тікелей эфир арқылы көрсетіледі», - деп жазды Берік Уәли.