ЖОО үздік оқытушысы конкурсына құжат қабылдау басталды

ЖОО үздік оқытушысы конкурсына құжат қабылдау басталды
Сурет: Ektu.kz

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық конкурсына қатысу үшін құжат қабалдау басталды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Байқауға қатысу үшін құжаттар 1-10 қараша аралығында қабылданады. Жеңімпазға 6 миллион теңгеден астам сыйақы беріледі.

Конурсқа жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары қатыса алады. Олардың кемінде 5 жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі, оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері болуы тиіс. Өтінімдер мен құжаттар ақпараттық жүйе арқылы электрондық форматта қабылданады.

Айта кетейік, аталған байқау 2 кезеңнен тұрады. Яғни, ол алдымен жоғары оқу орнының ішінде, кейін республикалық деңгейде өтеді.

Жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамынан тұратын сарапшылар тобы үміткердің оқыту сапасы және ғылыми-зерттеу қызметі бағыттары бойынша бағалайды. Сараптау тобының қорытындысы негізінде ЖОО комиссиясы конкурсқа қатысушылардың екінші, республикалық кезеңге қатысуы туралы шешім шығарады. Ал республикалық деңгейде құрылған комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері мен сарапшылар енеді.