ЖОО альянсын құру туралы келісім  инновациялық жобаларды іске асыруды көздейді

 

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (бұдан әрі – АЭжБУ) әріптестік өзара қарым-қатынастар желісін белсенді түрде құруда, оның ішінде басқа да білім беру және ғылыми ұйымдар бар. Бұл студенттерді даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ зерттеу құрамдасын күшейтуге және коммерцияландыру жөніндегі қызметті дамытуға мүмкіндік береді.

2021 жылғы 28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «University Aliance of Science and Technology» Жоғары оқу орындарының альянсы құрылды, оның құрамына бес жоғары оқу орны кірді: Astana IT University, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық бизнес университеті.

Альянсты құрудың мақсаты – адами, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарды шоғырландыру жолымен бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау үшін интеграцияланған ғылыми-білім беру ортасын құру болып табылады.

Келісім Қазақстан Республикасының экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытудың өзекті проблемаларын бірлесіп шешуге бағытталған жоғары оқу орындары арасындағы пәнаралық білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды іске асыруды көздейді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *