Жомарт Симтиков: Бұл сайлау бұған дейінгілерден өзгеше өтті

Жомарт Симтиков: Бұл сайлау бұған дейінгілерден  өзгеше өтті
almaty.tv

Саясаттанушы Жомарт Симтиков сайлау бұған дейінгі саяси науқандардан өзгеше өткенін айтты. Себебі еліміздің конституциялық режиміне өзгеріс еніп, бюллетеньдерде «бәріне қарсымын» деген баған қосылды. Бұл пікірлердің әралуандығын әрі демократиялық процестің тұрақты дамуын көрсетіп отыр.

«Біріншіден, Қазақстан халқының басын біріктірді. Екіншіден, ел Президенті  7 жылдық болашақ стратегиялық бағдарламаны дайындауға үлкен ықпал етеді деп айтуға болады. Үшіншіден, бұл демократиялық үрдістің ғаламдану процестерінің көшінен қалмайтындығын көрсетті. Төртіншіден, Қазақстанда болып жатқан өзгерістерге халықтың басым көпшілігі қолдау білдіретіндігін көрсетті. Сондықтан сайлау нәтижелі болады деп ойлаймын. Еліміздегі болашақ стратегиялық бағдарламалар сайлаудың негізінде іске асады. Бұл мандат сенімділік береді және Қазақстанның дамуына мүмкіндік туғызады деп ойлаймын», – деді саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Симтиков.