Жолға шығып кеткен малды анықтайтын технология сынақтан өткізіліп жатыр

Жолға шығып кеткен малды анықтайтын технология сынақтан өткізіліп жатыр
Сурет: Sputnik.kz

Сынақ сәтті өткен жағдайда оны басқа да республикалық маңыздағы тасжолдарға орнату көзделіп отыр.

Технологияны отандық "Nur-Saylet" компаниясы ойлап тапты, , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"ҚазАвтоЖол"-дың мәліметінше, жолға мал шыққан жағдайда ескерту жасайтын технология сынақтан өткізіле бастады.

Республикалық маңызы бар "Өскемен-Семей" күрежолының 102 шақырымында жануарлардың кесірінен болатын жол апаттарының алдын алуға арналған "Қорғау" автономды жарық-сигналдық кешені сынақтан өтіп жатыр.

Мамандар бұл тәжірибелік-эксперименттік учаскені жолдың екі жағында мал шаруашылығы болған соң таңдады.

Сынақтан өтіп жатқан кешен зияткерлік коммуникация жүйесіне негізделген бірнеше құрылғыдан (посттардан) тұрады. Бұл технологияның басты артықшылығы — көлік жүргізушілері қараусыз жайылған үй жануарлары кенеттен жол бойына шыққан кезде ескерту сигналын алады. Құрылғы күндіз де, түнгі уақытта да жұмыс істейді.