Жолдың үстінен өтетін өткелдерде мүгедектер үшін лифт жасалады

Жолдың үстінен өтетін өткелдерде мүгедектер үшін лифт жасалады
ok.ru

Әуезов ауданында жолдың үстінен өтетін өткелдерде мүгедектер үшін лифт жасалады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Сұрақ:
- Сіздің тапсырмаңыз бойынша Әуезов ауданының әкімдігіне жолдың үстінен өтетін өткелдегі көтергіштердің кілтін бергендері үшін алғыс айтамын. Бірақ, өкінішке орай, бұл көтергіштердің жұмысы өте баяу әрі шулы. Мен бірінші топтағы мүгедек баламмен көшеде жиі серуенге шығып тұрамыз ғой. Сол кезде осы мәселелер бізге қиындық тудырып жатыр.

Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов:
- Өткен кездесуде осы мәселе көтерілген болатын. Содан кейін жолдың үстінен өтетін өткелдегі көтергіштердің кілті бәріне берілген. Енді техникалық мәселелер туындады. Көтергіштер баяу жұмыс істейді, жоғары қарай 5 минутта шығарады. Сондықтан мәселені шешу үшін біз қалалық мәслихатқа өтініш бердік. Көтергіштерге лифт жасау керек. Жобасын дайындап, ендігі жылы қарастырамыз.