Жолдауда айтылған мәселелерді бірлесе шешуге күш-жігерімізді аямаймыз

Жолдауда айтылған мәселелерді бірлесе шешуге күш-жігерімізді аямаймыз Сурет: qazaq1913.com

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында білім беру саласына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Педагог мамандарды аккредитациялаудан өткізудің жаңа тетіктері қарастырылатыны айтылды.


Расында респупбликасызда педагог мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындары көп, бірақ сапасы әр түрлі деңгейде. Сондықтан талап күшейсе, педагог мамандардың сапасы артып, болашақ Қазақстанның білімді ұрпағы көбейеді. 


Сонымен қатар Жолдауда бала тәрбиесі жайлы оңтайлы мәселелер айтылды. Мысалы, бала-бақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру, әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу сияқты тақырыптар қозғалды. Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған мәселелерді бірлесе шешуге күш-жігерімізді аямаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет