Жолда абай болайық: Алматы облысында көлік қаққан оқушы көз жұмды

Жолда абай болайық: Алматы облысында көлік қаққан оқушы көз жұмды
Сурет: Otyrar.kz

Көлік қағып кеткен оқушының өмірі қыршынынан қиылды

Алматы облысының Іле ауданында қайғылы оқиға орын алды. Сегіз жасар оқушыны көлік қағып, өкінішке қарай ол ауруханаға жетпей көз жұмды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

«10 қыркүйек күні кешкі сағат 18:10 шамасында Іле ауданында 8 жастағы баланы көлік қағып кетті. Ол ауруханаға жетпей көз жұмды»,- деп пікір білдірді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қайғылы жағдай «Қосөзен-Шелекемер» жолында болған. Баланы 23 жастағы «Toyota» көлігінің жүргізушісі қағып кеткен.

Қазір аталған факт негізінде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалған.