«Жолаушылар тасымалы» АҚ ақпан айының соңына дейін бірнеше бағыт бойынша жеңілдіктер жасайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ақпан айының соңына дейін бірнеше бағыт бойынша жеңілдіктер жасайды
inbusiness.kz

Тальго пойыздарында ақпанның соңына дейін жеңілдікпен жүруге болады

Ақпан айының соңына дейін жолаушылар кейбір Тальго маршруттарындағы жеңілдіктерді пайдалана алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы ақпан айының соңына дейін Тальго коммерциялық пойыздарына мына бағыттар бойынша жеңілдіктер жасалатынын хабарлайды:

№ 29/30 Алматы 2-Атырау ­– 35% дейін;

№ 51/52 Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1-Орал – 28% дейін;

№ 69/70 Алматы-Өскемен 1 – 51% дейін;

№ 111/112 Алматы 2-Маңғыстау – 43% дейін;

№ 105/106 Алматы 2 – Петропавл – 46% дейін;

№ 711/712 Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Шымкент – 43% дейін.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады.