Жолаушы Тұрдығұлов: Сайлауда дұрыс таңдау жасайық!

Жолаушы Тұрдығұлов: Сайлауда дұрыс таңдау жасайық!
Сурет: Уqlasmusmuseum.kz

Сол жағын да халық дұрыс түсіну керек.

Қолөнер шебері Жолаушы Тұрдығұловтың алдағы сайлаудан күтері көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР Мәдениет қайраткері Жолаушы Тұрдығұлов алдағы сайлауда халықты дұрыс таңдау жасауға шақырды.

«Жаңа Қазақстанды құру үшін көптеген жаңа дүние жасалатын болады. Онымен қоса кедергілер де болатыны анық. Сол жағын да халық дұрыс түсіну керек. Алдағы сайлауда ел Президенті 7 жылға сайланады. Бұл сайлаудан күтетініміз көп», – деді қолөнер шебері, ҚР Мәдениет қайраткері Жолаушы Тұрдығұлов.