Жолаушы пойыздың тоқтату кранын жұлып алған

Жолаушы пойыздың тоқтату кранын жұлып алған
Сурет: SKnews.kz

Бұл оқиға Жамбыл облысының Отар-Шу учаскесінде болды.

Тоқтату кранын жұлып алған жолаушы Алматы-Нұр-Сұлтан пойызын шұғыл тоқтатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР ІІМ Көліктік полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сол жағдайдың  кесірінен пойыз маршруттан жеті минутқа кешігіп қалған.

Тексеру кезінде көлік полицейлері құқық бұзушыны ұстады. Ол 28 жастағы Қарағанды ​​облысының тұрғыны болып шықты. Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 560-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасалды. Бұл бап бойынша пойызды заңсыз тоқтатқаны үшін 5 АЕК (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салынады.