Жол құрылысы мамандарын даярлау заңмен бекітілмек

Жол құрылысы мамандарын даярлау заңмен бекітілмек
Сурет:Dknews.kz

Автожол құрылысының әрбір бағыты үшін оқу бағдарламасын дайындауда.

"Қазжол" ғылыми-зерттеу институтының мамандары автожол құрылысын жоғары оқу орындарында оқыту мәселесімен айналысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.   

Қазіргі таңда "ҚазжолҒЗИ" сарапшылары бұл сала бойынша әзірленіп жатқан жаңа заң жобасына өз ұсыныстарын енгізген. Оған сәйкес автожол мамандары өз біліктіліктерін арттыруға міндетті болады.

"Біз жол саласы мамандарының біліктілігін арттыру міндетін заңнамалық деңгейде бекітуді қалаймыз. Дайындалып жатқан заң жобасына тиісті ұсыныстар енгізілді. Дамыған елдерде компания қызметкерлерінің біліктілігі олардың беделіне, рейтингіне және басқа да факторларға әсер етеді. Қазақстанға да осындай жүйе қажет", - дейді "ҚазжолҒЗИ" АҚ президенті Арман Әлібаева.

Ақпаратқа сәйкес, ғылыми институт еліміздің жоғары оқу орындарымен бірқатар меморандумға қол қойды. "ҚазжолҒЗИ" арқылы қазақстандық студенттер нақты зертханалар мен учаскелерде тәжірибе жинай алады. Сонымен қатар мамандар автожол құрылысының әрбір бағыты үшін оқу бағдарламасын дайындауда.

Жол саласына қатысты мәселелер "Kaztraffic-2022" 18-ші халықаралық көрмесі аясында өтіп жатқан "Жол құрылысындағы жаңа технологиялар" конференциясы барысында талқыланды.