Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті
Сурет: ашық дереккөз

Ауданның жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті болып отыр.

Өткен жылы "Ақжар" шағынауданында 10 шақырым жол және "Ақжар", "Қарағайлы" мен "Шұғыла" шағынаудандарының 12 көшесінде 8 шақырым тротуар салынды, 23 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді, - деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Ал биыл "Ақжар" және "Шұғыла" шағынаудандары бойынша 20 көшеде 16,4 шақырым жол салынып, 21 шақырым жол орташа жөндеуден өтпек.

- Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Айта кетейік, жұмысты жүргізу кезінде 73 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылса, 58 учаске сатып алынды, 15 учаске бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Осы айда Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жобасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шығуы тиіс, - деді қала әкімі Ерболат Досаев.