Жол бойында адасып жүрген 4 жасар бала ата-анасына тапсырылды

Жол бойында адасып жүрген 4 жасар бала ата-анасына тапсырылды
Сурет: Polisia.kz

Балаларға абай болайық!

Алматы облысында 50-ші борт-патрульдік экипажының қызметкерлері жол бойынан 4 жасар баланы тауып, ата-анасына табыстап, алғысқа бөленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Бекзат Тұрсынәлі мен Мақсат Омаров қызмет ету барысында Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 117 шақырымында жол бойында жалғыз жүрген 4 жасар бүлдіршінді байқап, оның ата-анасын жедел түрде тауып, әкесіне дін аман табыстады.

Бүлдіршіннің ойнап жүріп, жол бойына шығып, адасып кеткендігі белгілі болды. Тәртіп сақшылары баланың ата-анасымен профилактикалық жұмыстарды жүргізді. Өз кезегінде баласымен қауышқан әке бейнежазба арқылы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.