Жол апатынан елімізде тәулігіне 10-нан аса адам қаза табады

Жол апатынан елімізде тәулігіне 10-нан аса адам қаза табады
Сурет: Inbusiness.kz

Зардап шегушілердің басым бөлігі – балалар мен 40 жасқа дейінгі азаматтар.

ІІМ мәліметінше, 6 айда жол апатынан 700 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

7 мыңға жуығы түрлі дене жарақатын алған.

Жол-көлік оқиғасының басты себептері – жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығып кету және жүргіншілер жолын байқамау.