Жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау бөлімі ашылды

Жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау бөлімі ашылды
Сурет: Ernur.kz

Басты мақсат - университеттегі мәселені анықтап, студент-ата-ана және басшылық арасында тиімді кері байланыс орнату.

Қоғамдық қабылдау кеңселеріне өтініш-шағыммен ғана емес, тың идеялар ұсынып, жүгінуге болады. Арнайы QR-код қойылған. Оны сканерлеу арқылы ұсыныс жолдап, фото-видеоларды жүктеуге кез-келген студенттің мүмкіндігі бар.

«Жатақхана, инфрақұрылым, білім сапасы – сол мәселелердің бәрін енді студенттер бір жерге барып, бір жерден шеше алады. Оның алдында көбісі ректорларға жазылады. Проблемаларын шеше алмай жүретін еді. Ата-аналар келеді, кімге, қашан барам деп бір адамға ұмтылатын еді. Енді осындай арнайы институтционалды механизм арқылы біз студенттердің, оқытушылардың, тұрғындардың проблемаларын бір жерден шешуге тырысамыз», - дейді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.