Жылжымалы жұмыспен қамту орталықтары ашылады

Жылжымалы жұмыспен қамту орталықтары ашылады
Сурет: Islam.kz

Мұндай қызметтер шалғай ауылдық елді мекендерге де қолжетімді болады.

 Елде жылжымалы жұмыспен қамту орталықтары ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Хабар 24» сайтының хабарлауынша, жыл басынан бері электронды еңбек биржасында 68 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның 18 мыңға жуығы мемлекет субсидиялайтын жұмысқа орналасты.

 Бұл туралы ақпарат берген «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» президенті Дәулет Арғындықовтың айтуынша,  электрондық еңбек биржасында қызметтер тізбесі кеңейтілмек. Оның негізінде тұрғындар «Алғашқы жұмыс орны» және «Еңбек» – «Ұрпақтар келісімшарты» мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыс орындарына жолдаманы электрондық форматта ала алады. Ал біліктілігі төмен 110 мыңнан аса азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды. 16 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Жұмыссыз қалған 30 мыңнан астам адамға төлем тағайындалды.